Баум тоғайындағы ағаштардың 3%-дан астамы кесуді қажет етеді

712

Қазақстандық ғалымдар осындай қорытындыға келді.  

Баум тоғайындағы ағаштардың 3%-дан астамы кесуді қажет етеді

Жүргізілген сараптамадан кейін 104 000 ағаштың 3311-і қауіпті, жарамсыз немесе зақымданғаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.  

"Апаттық ағаштар зең ауруларынан зардап шегеді. Егер олар жақын арада кесілмесе, келесі 10 жыл ішінде  бүкіл тоғай жоғалуы мүмкін", – деді академик Бұлкайр Мәмбетов. 

Зиянкестер мен аурулардың таралуын тоқтату үшін жарамсыз ағаштарды, құрғақ бұтақтарды, апатты ағаштарды алып тастау, құрғақ бұтақтарды кесу және тоғайды қоқыстардан тазарту жоспарлануда.

Апатты ағаштардың орнына жаңалары отырғызылады. Санитарлық кесу бойынша қоғамдық тыңдаулар маусым айына белгіленген. Тоғайдағы барлық жұмыстар заңнама нормаларына сәйкес жүргізіледі.

Осылайша, биыл Баум тоғайында 500 ағаш кесілмек. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу