Сынақ Шымкент қаласында 2019 жылдың соңына дейін жалғасады. Сынақ нәтижесіне қарай ұялы байланыс операторы технологияға салынатын инвестиция, Қазақстандағы 5G желісінің келешегі туралы қорытынды шығарып, 5G желісін жаппай енгізуге өз желісінің қаншалықты дайын екенін бағалайды. Жоба Nokia қондырғыларымен жүзеге асырылуда және ол үш базалық станция мен тірек желісінің қондырғысынан тұрады.
5G желісін коммерциялық қолданысқа енгізу экономиканы, өнеркәсіпті, қалаларды цифрландыу үшін қажет. 5G желісін енгізген соң, "Бұйымдар интернеті" тәрізді технология жаппай дамиды деп санайды компания.
"Қазір бизнес өндіріс пен бөлшек саудаға цифрлы технологияны белсенді енгізуге дайын. Біздің міндетіміз – әртүрлі технологиялық жолдармен оларға осындай мүмкіндік беру. Олардың негізгісі 5G желісін дамыту екені даусыз. Нарықтың барлық қатысушысын ортақ желі салу жолында бірігуге шақырамыз. Бұл өте қымбат, әрі қайтарымы ұзақ технология. Бірақ, нарықтың барлық қатысушысы мен мемлекет тарапынан таңдалған бағыт дұрыс болса, жақын келешекте оған бүкіл нарық қол жеткізе алады", - дейді Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.
Beeline 5G желісін жаппай енгізуді бастап та кетті. 2019 жылдың бірінші жартысында компанияда желіні ауқымды түрлендіру жобасы басталған. Ол, қалаларда "ақ нүкте" қалдырмай, интернеттің жоғары жылдамдығын қамтамасыз ететін жаңа базалық станцияларды салу мақсатында желінің таралымын толық талдауды қарастырады. Бірқатар нысандағы қондырғыларды ауыстыру - мәліметтерді жолдау жылдамдығын 4.5G және 4.9G деңгейіне жеткізуге және келешекте базалық станцияларды 5G стандартына жылдам ауыстыруға мүмкіндік береді.
Қазір Beeline байланысына Қазақстанның 3700-ден астам қаласы мен елдімекенінде қол жеткізуге болады. Бұл – халықтың 95%-ы, олардың 65%-ы 4G стандартындағы интернетке қосыла алады.
Beeline желісі 1999 жылы іске қосылған.