Bek Air компаниясы жолаушыларға тағы 9,3 миллион теңге төлеуге міндеттелді

752

Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министірлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің "Бек Эйр" АҚ-ға 1533 адамның мұдделері ұсынылған, талап қою сомасы 9,3 млн теңге деген төртінші талап арызын қанағаттандырды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Bek Air компаниясы жолаушыларға тағы 9,3 миллион теңге төлеуге міндеттелді

Комитет қабылдаған шаралар нәтижесінде сот тәртібімен 1678 адамның құқықтары қорғалды.

"Бек Эйр" әуекомпаниясы тұтынушыларға жалпы 103,3 млн теңге қайтаруға тиіс.

"Комитетке күн сайын тұтынушылардың шағымдары келіп түсуіне байланысты бесінші талап сотқа беріледі", – дейді министрлік.

ТҚҚК-нің "Бек Эйр" АҚ-ға алғашқы екі талабы заңды күшіне енген.

Комитеттің сотқа талап арызбен жүгінуіне тұтынушылардың Bek Air әуе компаниясының тоқтатылған рейстеріне авиабилеттер құнын қайтару құқығының бұзылуы себеп болды.

Мамыр айында жауапкердің өкілі билеттерді клиенттер арнайы бағамен - қайтарымсыз деп аталатын билеттермен сатып алған деген уәжбен комитеттің талабын мойындамағаны туралы хабарланды.
Кезекті сот отырысының соңында таратылған ақпаратта, әдетте, әуе компанияларының шарттарына сәйкес, егер жолаушы өзінің кінәсінен (егер ол кешігіп қалса, тіркеуден өтпеген болса, бортқа кірмеген болса) белгіленген жерге ұшып кетпеген жағдайда, арнайы тариф бойынша сатып алынған билеттердің құны қайтарылмайтындығы атап өтілді. ). Сауда министрлігі бұл жағдайда жолаушылар әуе компаниясының кінәсінен ұшып кетпегенін атап өтті.

Қазақстанның авиация билігі Bek Air компаниясының операторы мен ұшуға жарамдылық сертификаттарын қайтарып алды. "Бек Эйр" АҚ барлық тоғыз Fokker ұшағы үшін ұшуға жарамдылық сертификаттары жойылды. Сондай-ақ, егер авиакомпания сертификаттау рәсімінен толық өтсе, сертификаттарды қайтара алатындығы туралы хабарланды.                            

Bek Air әуе компаниясының Алматы - Нұр-Сұлтан бағыты бойынша Fokker-100 ұшағы өткен жылы 27 желтоқсанда әуежайдан көтерілгеннен кейін биіктігінен айырылып, бетон қоршауды бұзып өтіп, екі қабатты құрылыммен соқтығысып, тұрғын үй секторының ауданына құлаған. Апаттан 12 адам, оның ішінде әуе кемесінің командирі қаза тауып, 67 адам жарақат алды. Жалпы бортта 93 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу