"Бек Эйр" әуе компаниясының жұмысындағы кемшіліктер анықталды

1564

Берекесі кеткен "Бек Эйр" ұшу сертификатынан түбегейлі айрылып, бұрынғы биігіне қайта көтерілмеуі мүмкін.  

"Бек Эйр" әуе компаниясының жұмысындағы кемшіліктер анықталды

Соңғы үш жылда екі бірдей ұшағы апатты жағдайда қонғаннан кейін әуе компаниясының қызметіне қатысты мұқият тексеріс жүріп жатыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Қазақстан авиациялық әкімшілігі қазірдің өзіне бірқатар былықтын бетін ашты. Мәселен, компания қосалқы бөлшектерді жаңадан сатып алудың орнына бір ұшақтан басқасына ауыстырып келген. Сондай-ақ "Бек Эйрға" тиесілі әуе кемелерінің қозғалтқыштары да мамандардың күдігін тудырып отыр. Себебі, олардың жұмыс істеген сағаттарын қадағалайтын деректер кестелері алынып тастаған. Ал, қозғалтқыш құрастырушы Rolls Royce компаниясы болса ұшақтар Қазақстанда қолданысқа түскеннен бері күрделі жөндеу туралы еш ақпарат алмағандарын хабарлады. Бұдан бөлек тексерушілерге компания қызметкерлерінің біліктілігі мен білімі сенім ұялатпай отыр. Жалпы алғанда, флоттың жағдайы қанағаттанарлықсыз деп бағаланады. Бұл уақытта халықаралық әуе көлігі қауымдастығы Bek Air белгісінің кодын қайтарып алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу