Әуе апатынан кейін уақытша жұмысы тоқтатылған Бек Эйр компаниясының жолаушылары билеттерін қайтаруға асығар емес, деп хабарлайды Atameken Business.
Атап айтқанда, 4000 нан астам адам әлі күнге мекеме мамандарына жүгінбеген көрінеді. Жолаушылардың 10 қаңтарға дейін билет құнын толығымен қайтарып алуға немесе басқа әуе компанияларының қызметіне алмастыруға мүмкіндіктері бар. Мереке қарсанында жолаушылар легін игеру мақсатында Эйр Астана қосымша 5 әуе рейсін орындаған. Бұдан бөлек, мыңнан астам адам үшін қосымша темір жол вагондары шығарылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу