Бидай шетелге қанша теңгеден сатылып жатыр

1092

Бидай экспорты 29%-ға, ақшалай мәнде 36%- ға өскен.   

Бидай шетелге қанша теңгеден сатылып жатыр

Биыл бидай алқабы 6%-ға ұлғайтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылғы қаңтар-мамырда отандық компаниялар 523,2 млн доллар болатын 2,3 млн тонна бидай мен меслинді экспортқа жіберген.

Бидай экспортының жалпы көлемінің үштен екісі ТМД елдеріне жіберілген: 1,6 млн тонна, 350,3 млн доллар. Негізгі импорттаушы – Өзбекстан, ол жыл басынан бері 252 млн долларға 1,2 млн тонна бидай сатып алған.

ТМД-ға кірмейтін елдерге 172,9 млн доллар болатын 694 мың тонна бидай жөнелтілген. Мұнда экспорттың басым бөлігі Ауғанстан үлесінде: 261,7 мың тонна. Бұл 2020 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 31,2%-ға артық. Екінші орында Иран: 176,5 мың тонна, үшінші орында Қытай тұр: 162,7 мың тонна, бір жылда плюс 82,1%. 

2021 жылғы маусымда бидайдың орташа бағасы тоннасына 85,3 мың теңге болды. Өткен жылы маусымда ол 83,5 мың тонна болған. Оның ішінде қатты сортты бидай тоннасына 109,4 мың теңге, басқалары 84,2 мың теңгеден сатылды. 

Сондай-ақ 2021 жылғы мамырдың қорытындысы бойынша бидайдың экспорт бағасы бір жылда 0,1%-ға, бір айда 0,6%-ға төмендеді. ТМД елдері үшін баға бір жылда 0,6%-ға, бір айда 0,9%-ға төмендеген. ТМД-ға кірмейтін елдер үшін экспорт бағасы керісінше бір жылда 1,1%-ға және бір айда 0,2%-ға өскен. 

Хабар24 мәліметінше, Қазақстан егін өсірушілер одағы бір гектардан 8,8 центнер бидай алуды жоспарлап отыр. Бір ай бұрын шаруалар бір гектардан 10 центнер бидай алады деген болжам болған. Бірақ егін жинау науқаны жаңбырлы болса, бидайдың сапасы төмендеуі ықтимал.

Сондай-ақ мамандар ресейлік астық импортының өсуі мүмкін деген пікірде. Қазақстан Ресейден 2 млн тонна бидай сатып алуы ықтимал.

Биыл 12,9 млн га бидай егілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,7%-ға артық. Егілген бидайдың үштен бірі Ақмола облысына тиесілі: 3,9 млн га, бір жылда плюс 6,8%.

Сонымен қатар Қостанай (3,6 млн га, бір жылда плюс 5,8%) және Солтүстік Қазақстан (2,4 млн га, бір жылда плюс 5,9%) облыстарындағы егістік жерлерде айтарлықтай көлемде бидай егілген.

2021 жылы еліміздің 17 өңірінің 14-інде бидай егілді. Бидай алқабының қысқаруы тек 2 өңірде тіркелді: Павлодар облысы (2,8%-ға, 637,2 мың га) және Шымкент (10,9%-ға, 9,5 мың га) тіркелді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу