Білім министрлігіндегілер 4 айлық көлемінде сыйақы алып келген

963

"Кәсіпқор" холдингі 1,5 мың жарым шаршы метр кеңсені 52,5 млн теңгеге жалдап келген. Мұнда бір орынбасардың өзі 144 шаршы метрлік кабинетте отырыпты. 

Білім министрлігіндегілер 4 айлық көлемінде сыйақы алып келген

Білім министрлігіндегілер 4 айлық көлемінде сыйақы алып, қыруар қаржыға жайлы кеңселер жалдап келген. Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы Алик Шпекабаевтың басқаруымен өткен жиында білім саласына қатысты осындай біртақар былықтың анықталғаны айтылды, деп хабарлайды Atameken Business.

Бассыздыққа ведомствоның қол астындағы ұйымдар барған. Ұлттық бюроға мұндай былықтардың барын "AdalBilim" атты жобалық кеңсесінің жетекшісі Сергей Пен жеткізе келіпті. Айтуынша, негізсіз премияны айлық жалақыдан 400 пайызға асыра алған бөлімдер де бар екен. Мәселен, "Кәсіпқор" холдингі 1,5 мың жарым шаршы метр кеңсені 52,5 млн теңгеге жалдап келген. Мұнда бір орынбасардың өзі 144 шаршы метрлік кабинетте отырыпты. "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы да заңды бұзғандардың қатарынан табылды. Бір жұмыс үшін орындаушыға бірнеше есе көп жалақы төленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу