Білім саласындағы реформаларды тоқтата тұру қажет

1133

Білім саласындағы реформаларды тоқтата тұру қажет

 

Ал еліміздегі мектептер соңғы уақытта үнемі реформалар жүргізу режиминде жұмыс істеуде. Заман талабына сай дегенімен, әлі күнге дейін нәтижеге қол жеткізген жоқ. Парламенттік тыңдау барысында Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласын осылай деп сынға алды.

Жүйедегі өзгеріске қатысты дұрыс түсіндіру шаралары жүргізілмегендіктен, педагог мамандарының сапасына да әсер етуде деді. Сондай-ақ, сенат төрағасы шетелге білім алуға кетіп жатқан жастар қатарының артып жатқанына алаңдаушылық білдірді. Бұған қоса, техникалық және кәсіптік білім алуға ынталандыру деңгейі төмен. Соның салдарынан осы бағдарлама бойынша оқитындар тек 11 пайызды құрайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР парламенті сенатының төрағасы: "Білімнің дамуына тежеуші фактордың бірі - ұстаздың кәсіби мәртебесінің төмен болуы. Бүгінде білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысы өте төмен. Ол республикалық орташа деңгейдің 66% құрайды. Үкімет экономикалық мүмкіншіліктерді ескере отырып, ұстаздардың табысын қалай көтеру қажеттігін ойластыруы тиіс. Бұл өте маңызды. Себебі мектептегі реформалардың табысты болуы педагогикалық жоғары оқу орындарына тікелей байланысты".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу