Биньямин Нетаньяху орманға қасақана қойылған өрт теракт деп есептелетінін айтты

931

Биньямин Нетаньяху орманға қасақана қойылған өрт теракт деп есептелетінін айтты

Израильдің Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху өршіп тұрған орман өрті қасақана жасалған әрекет болса, теракт ретінде саналатынын айтты, деп жазады khabar.kz.

60 мыңға жуық адам эвакуацияланған Хайфаға барған Үкімет басшысы: "Билік әлеуметтік желілерде орманға өрт қою әрекеттеріне үгіттейтін хабарламаларды көрді. Әрбір қасақана қойылған өрт теракт ретінде қаралады. Және кінәлі адамдар да осы айып бойынша жазасын алады", – деді.

Айта кетейік, орман өртінің өршіп тұрғанына 3 күн болды. Жақын маңда орналасқан Хайфа қаласына да жетіп, тұрғындар зардап шегуде.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу