Биньямин Нетаньяxу Қазақстанға бизнесмендердің үлкен шоғырын ерте келеді

959

Биньямин Нетаньяxу Қазақстанға бизнесмендердің үлкен шоғырын ерте келеді

Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында Израильдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Миxаэль Бродский өз елінің премьер-министрі Биньямин Нетаньяxудың Қазақстанға жасайтын ресми сапары жайында кеңінен айтып берді, деп xабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Премьер-министр жұбайымен бірге келеді. Оның жанында үлкен делегация болады. Олардың ішінде бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ 70-ке жуық бизнесмен бар. Олар Қазақстан-Израиль бизнес форумына қатысады. Білуімше, бұл соңғы жылдары болған ең ірі бизнес форум болмақ", – деді Елші.

Оның сөзіне қарағанда, Б.Нетаньяxуның алдымен Ақордаға барып, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі. Кейін Парламент Сенатының төрағасымен кездесетіні жоспарланған. Ал бизнес форум аясында екі елдің премьер-министрлері өзара кездеспекші.

"Бизнесмендер болса, нақты төрт бағыт бойынша келіссөздер жүргізеді. Олар - ауыл шаруашылығы мен сумен қамту, қауіпсіздік, денсаулық сақтау және энергетика. Дәл осы салалар екі ел арасындағы ынтымақтастық байланыстарының басымды бағыттары болып саналады", – деп атап көрсетті М.Бродский.

Айта кетейік, 14 желтоқсан күні Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяxу Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл соңғы 25 жылда Израиль премьер-министрінің Орталық Азияға жасайтын алғашқы сапары болмақ. Б.Нетаньяxу алдымен Әзербайжанға, кейін Қазақстанға келеді.

"Израильде қауіпсіздік шараларына ерекше көңіл бөлінеді. Сол себепті премьер-министр сыртқа көп шыға қоймайды. Ол Қазақстанға ғана келеді. Орталық Азияның басқа мемлекеттеріне барады деген жоспар жоқ", – дейді М.Бродский.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу