"Бірінші рет қатты жыладым": Бағдат Сәмиденова өмірдегі өкінішін айтты

1540

Бұл туралы әнші Бағдат Сәмиденова БазарLike бағдарламасында айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бірінші рет қатты жыладым": Бағдат Сәмиденова өмірдегі өкінішін айтты Фото: Бейнежазбадан

"Әке-шешем ерте қайтыс болып кетті. Өкініш дейтін сол ғой. Бір өкініш іште тұрады. Әкемнің інісінің қолдында өстім. Әжем болды. Сол әкемнің інісі бізді қолына алды. Туған әке мен ананың орны бөлек. Бір күні балалармен ойнап жатқанда біреу "сенің шешең жоқ" дегенді айтып қалды. Біздің үй үлкен болатын, бақшамыз бар еді. Балалардың бәрі біздің үйге жиналатын, көмектесетін. Жоңышқаның арасына барып, ешкімге көрсетпей жатып жылағаным бар. Сонда өмірімде бірінші рет қатты жыладым", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу