Еліміздегі бірнеше өңір кез келген уақытта жарықсыз қалуы мүмкін. Себебі республикамызда электр желілерінің 70 пайызға жуығы тозған. Бұл энергетика министрлігінің ақпараты, деп хабарлайды Atameken Business.
Әсіресе Шығыс Қазақстандағы жағдай жақсы емес. Ондағы электр желілерінің 81% -ы ауыстыруды қажет етеді. Ал Батыс Қазақстанда – 80%, Қостанай облысында – 74%-ы ескірген.
Естеріңізде болса, өткен айдың 11-і күні Елордамыздың сол жағалауы электр энергиясыз қалып, тұрғындар жарықпен қоса судан, жылудан да қағылды. Жалпы саны 25 нысан мен 7 тұрғын үй кешенінің халқы күні бойы өлместің күнін кешті.
Енді ойлап көріңіздерші. Ескірген желілер бір күнде істен шықса не болады? Мамандар не дейді: