Бірреттік несиелік жеңілдікті тағы 57 мың адам алады, деп хабарлайды Atameken Business.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, бұл бастапқы тізімге ілікпей қалған азаматтарға қатысты. Әрине, басым бөлігі көпбалалы.
Олардың тізімге ілікпей қалуының себебі бұған дейін аты-жөндерінің АХАЖ-дың онлайн базасынан шықпауы болған еді. Нақтыласақ, 2008 жылға дейін отбасын құрып, бірақ электронды жүйеге алынбағандар. Сондықтан Үкіметтің екінші қайтара қосымша тізім жасауына тура келген. Министр акцияны толық аяқтау үшін жыл соңына дейін 9 млрд теңгенің бөлінуге тиіс екенін айтады.