Биыл 15 қазақстандық санавиациямен шетелден жеткізілген

728

Биылғы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша ҚР Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы мамандары 1855 пациентке медициналық көмек көрсетті.

Биыл 15 қазақстандық санавиациямен шетелден жеткізілген

Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.

"2094 медициналық қызмет орындалды, оның ішінде: 1377 пациенттерді тасымалдау (65,8%), 290 консультация беру (13,8%) және 132 операция (6,3%) және 295 телемедициналық консультация беру (14,1%).  2019 жылдың басынан бері ҰШМҮО донорлық органдарды тасымалдау мақсатында 6 ұшу жүзеге асырылды",– делінген ведомство таратқан хабарламада.

Санитариялық авиация күштерін тарту тек республика шегінде ғана емес, сондай-ақ шетелде ауыр жағдайда жатқан ҚР азаматтарын немесе оралмандарды халықаралық тасымалдауды ұйымдастыру да жүзеге асырылады. 2019 жылдың 7 айында ҚР санитариялық авиациясы шетелдік клиникалардан отандық медициналық ұйымдарда емделуді жалғастыру үшін 15 қазақстандықты тасымалдады.

2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР санитариялық авиациясы Таяу және Алыс шетелдерден (Тайланд, Түркия, Швейцария, АҚШ, Оңтүстік Корея, Египет, Қырғызстан, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы және т.б.) еліміздің 74 азаматын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу