Биыл бюджетке 2 трлн теңге артық салық түскен

1067

Өткен жылмен салыстырғанда салық түсімдері 30,7%-ға өскен. 

Биыл бюджетке 2 трлн теңге артық салық түскен

2021 жылғы қаңтар-қазанда бюджетке (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда) 1 трлн 949 млрд теңге салық түсімдері түскен, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 30,7%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, биыл өткен жылмен салыстырғанда 2 трлн теңгеге артық салық түсімдері түскен. Оның ішінде:
- Республикалық бюджет жоспары 100,4% орындалды (жоспар бойынша 5 трлн 414,2 млрд теңге, 23,9 млрд теңгеге асыра орындаумен 5 трлн 438,1 млрд теңге түсті), өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 36,1%-ға немесе 1 трлн 441,2 млрд теңгеге өсті.

- Жергілікті бюджет 105,8% орындалды (жоспар бойынша 2 трлн 704,5 млрд теңге, 156 млрд теңгеге асыра орындаумен 2 тлрн 861 млрд теңге түсті) 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,6%-ға немесе 507,3 млрд теңгеге артты.

"2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда республикалық бюджетке түсімдер өсімінің ең көп сомасы мұнайға салынатын экспорттық кедендік баж бойынша 400,9 млрд теңгеге немесе 1,9 есе, корпоративті табыс салығы бойынша 481,2 млрд теңгеге немесе 48,5%-ға, ЕАЭО елдерінен импортқа қосылған құн салығы бойынша 194,2 млрд теңгеге немесе 36,9%-ға, үшінші елдерден импортқа қосылған құн салығы бойынша 110,3 млрд теңгеге немесе 21,0%-ға және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша 107 млрд теңгеге немесе 47,9%-ға өскені байқалады", – деп жазылған хабарламада.

Түсімдердің өсуіне төмендегі факторлар әсер еткен.

"Биыл 10 айда өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға бағаның өсуі байқалды. Оның ішінде мұнайға 68,8%, мысқа 56,0%, алюминийге 46,4%, мырышқа 34,5%, күміске 29,2%, қорғасынға 20,9% және алтынға 2,7%. Мұнайға салынатын әкету кедендік бажының мөлшерлемесі 64,0%-ға өсті (2020 жылғы 10 айда 1 тоннаға орташа мөлшерлемесі – 37,5 доллар, 2021 жылғы 10 айда 1 тоннаға – 61,5 доллар). Үшінші елдермен тауар айналымы 2021 жылғы қаңтар-қазанда 10,0%-ға өсті (экспорт 21,9% өсіп, импорт 10,5% төмендеген)", – деп жазылған хабарламада.

2021 жылғы 9 айда өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тауар айналымы 28,7%-ға өсті (63 917 млрд теңгеден 82 293 млрд теңгеге дейін).

Көрсетілген кезең ішінде бір салық төлеушіге онлайн бақылау-касса машиналардан орташа түсімі 11,8%-ға артқан (33,4 млн теңгеден 37,4 млн теңгеге дейін).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу