Биыл елімізде 7,9 миллион адам әуе компанияларының қызметін пайдаланған

839

2019 жылдың қорытындысы бойынша 16 миллион жолаушыға әуе қызметі көрсетіледі деп күтілуде. 

Биыл елімізде 7,9 миллион адам әуе компанияларының қызметін пайдаланған

Биылғы жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстан Республикасының әуе көліктері 7,9 млн адамға әуе тасымалы қызметін көрсетті, бұл өткен жылдың осы уақыт аралығымен салыстырғанда 7,5%-ға артық (7,3 млн адам).

Жалпы 2018 жылы әуе компаниялары 7,6 млн жолаушы тасыды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,6%-ға артық. finprom.kz хабарлауынша, бұл біздің тарихымыздағы ең жоғары көрсеткіш.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстан әуежайлары биылғы жылдың 10 айында 14,8 миллион жолаушыға қызмет көрсеткен. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 16 миллион жолаушыға әуе қызметі көрсетіледі деп күтілуде. Ведомствоның мәліметінше, 2018 жылы отандық әуежайлар 15 миллион жолаушыға қызмет көрсеткен. 9 млн адам ішкі рейстер қызметін пайдаланса, 6 миллион жолаушы халықаралық бағытқа ұшқан. Осылайша, 2019 жылдың аяғына дейін жолаушылар ағыны 6,6%-ға өседі деп күтілуде.

Қызмет көрсетілетін жолаушылар саны жыл сайын шамамен 10%-ға өсуіде. Ашық аспан режимін ескере отырып, 11 отандық әуежайда LOT Polish Airlines (Польша), Air Asia (Малайзия), Belavia (Беларусь), Jazeera Airways (Кувейт) және Salam Air (Оман) әуе компаниялары жаңа рейстер ашады деп күтілуде. 2020 жылдан бастап жаңа рейстердің ашылуы себебінен жолаушылар ағынының тұрақты өсуі жалғасады және дамудың оң динамикасы сақталады.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қарашадан бастап Қазақстан шетелдік авиакомпаниялар үшін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл және Семей әуежайларында үш жылға шектеулерді алып тастауды қарастыратын "ашық аспан" режимін енгізді.

Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, Қазақстанда "ашық аспан" режимін енгізу жаңа шетелдік тасымалдаушыларды тартуға, жаңа халықаралық бағыттарды ашуға, бәсекелестікті арттыруға, сайып келгенде әуе билеттерінің бағасының төмендеуіне мүмкіндік беріп, әуе көлігінің қол жетімділігінің өсуіне, туризмнің дамуы мен Астана халықаралық қаржы орталығымен көлік қатынасының артуына оң әсер етеді.

Биылғы жылы жолаушылар легінің өсуіне байланысты, әуе көлігі кәсіпорындарының кірістері де айтарлықтай артты. Қаңтар-қараша айларында әуе тасымалдаушылардың кірісі 16,4%-ға ұлғайып, 369,2 млрд теңгені құрады. Салыстыру үшін айталық, өткен жылдың сәйкес кезеңінің нәтижелері бойынша кірістер 16,6% артып, 317,1 млрдтеңгеге жеткен еді.

Барлық кірістердің 97,9%-ын жолаушылар тасымалы берді, осы сегменттегі сома 361,2 млрд теңгені құрады. Жүк пен багаж тасымалдаудан түскен табыс 7,9 млрд теңге, яғни жалпы көлемнің 2,1%-ын құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу