Биыл еліміздің кәсіпорындарында қанша адам қайтыс болды?

1124

Осы жылдың 10 айында республика кәсіпорындарында 1069 адам зардап шегіп, оның ішінде 129 адам қаза тапқан.  

Биыл еліміздің кәсіпорындарында қанша адам қайтыс болды?

Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Талдықорғанда "Жетісу су құбыры" МКК ұжымымен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Ағымдағы жылдың 10 айында республика кәсіпорындарында 1069 адам зардап шекті, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2%-ға төмен. Оның ішінде 129 адам қаза тапты, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 22,8%-ға төмен. Егер Алматы облысы туралы айтатын болсақ, өндірістік жарақаттанудың оң динамикасы сақталуда. Ағымдағы жылдың 10 айында өңір кәсіпорындарында 24 қызметкер зардап шекті, оның 6-ы қаза болды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2-ге артық", – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Аталған ведомствоның ресми мәліметіне сәйкес, мемлекеттік еңбек инспекторларының талабы бойынша ағымдағы жылдың 10 айында елімізде 47 лауазымды тұлға қызметінен босатылды. Құқық қорғау органдарына 820 материал жіберіліп, 116 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде Алматы облысы бойынша 20 іс бар, олар бойынша қылмыстық іс қозғалмаған. Жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіпке байланысты, мемлекеттік еңбек инспекторларының талабы бойынша 11 құрал-жабдық, 2 өндірістік нысан және 7 ұйымның қызметіне тыйым салынды. Алматы облысы бойынша тыйым салу фактілері болған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу