Биыл генетика банкі құрылатын болды

1094

"Бұл қазақстандық ғалымдардың ғылыми әзірлемелерін сақтауға және пайдалануға мүмкіндік береді". 

Биыл генетика банкі құрылатын болды

Банк құрылатынын ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының (ҰАҒБО) басшысы Гүлмира Исаева жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz орталықтың баспасөз қызметіне сілтеп. 

Спикердің айтуына қарағанда, экспедиция жүргізіліп, ҰАҒБО-ның еншілес ұйымдарындағы генетикалық ресурстың барлығы тізімделген. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің 64 мыңнан астам үлгісі тіркелген. 

"Қазір орталықты материалдық-техникалық жабдықтау жұмысы басталды. Сіздерді оның ашылу салтанатына биыл шақырамыз деп ойлаймын", – деді Исаева "Тұқым-2022" конференциясы барысында. 

"Тұқым-2022" іс-шарасы аграрлық саладағы бизнесмен, шенеунік, ғалым және сервистік компанияларды Қазақстанның селекциясы мен тұқым шаруашылығы мәселелерін талқылау үшін ұйымдастырылды. Жиында айтылғандай, проблема аз емес. Тұқым нарығының жалпы үлесінде қазақстандық әзірлемелер 5%-дан аспайды, қалғанының бәрі – импорт. Соған қарамастан Қазақстанда "25 млн гектардан астам" егістік бар, "дамушы әрі бәсекеге қабілеттті" нарық бар. 

Фермерлер жер жағдайына бейім дәнді, бұршақты, майлы дақылдардың тұқымдары тапшы екенін айтады, әсіресе қуаңшылыққа төзімді болғаны жақсы. Конференция спикері, "Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы" компаниясының (ШҚО) бас директоры Фарид Абитаевтың айтуынша, күнбағыс селекциясы Қордай ауданында (Жамбыл облысы) қуаңшылыққа қарамай жақсы өнім бергендіктен жергілікті фермерлер осы сортты сатып ала бастаған. Жалпы оның компаниясы 2021 жылы 11,2 мың тонна элита тұқым сатқан. 

Тағы бір мәселе – кадр тапшылығы. Негізінен кеңестік кадрлар жұмыс істейді, жастар қызықпайды. Оның бір себебі – ауылда инфрақұрылым нашар, сондықтан жас мамандар ауылдағы кәсіпорындарға бармайды. Конференцияның тағы бір қатысушысы, Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының басқарма төрағасы Дамир Қалдыбаевтың айтуынша, мамандарды тіпті лайықты жалақы да қызықтырмайды. 

Іс-шара қатысушыларының айтуынша, қауіпсіз азық-түлік тұтынуға тұқым шаруашылығы мен селекция мәселелерін шешкен дұрыс. Мұндай талқылау мен мәселелердің шешімін іздеу жиыны жыл сайын ұйымдастырылып тұрмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу