Биыл мешіттерде Құрбан айт намазы оқылмайды

864

Мұны еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.  

Биыл мешіттерде Құрбан айт намазы оқылмайды

Биыл мешіттерде Құрбан айт намазы оқылмайды, деп хабарлайды Atameken Business.

Оның айтуынша, Құрбан Айт мерекесі биыл 31-ші шілде және тамыздың 1-і мен 2-сіне сәйкес келіп тұр. Алайда еліміздегі карантин мерзімі 2 тамызға дейін ұзартылғандықтан, республика бойынша мешіттер жабық болады. Сондықтан құрбан шалу онлайн өтеді. Осыған орай, Qurban2020.kz сайты ашылып, бүгіннен бастап 24 сағат бойы жұмыс істейді. Онда 30 шілдеге дейін құрбан шалуға онлайн тапсырыс қабылданады. Яғни, бұрынғыдай адам малды өзі таңдап, қасапшының жанында тұрып, дұға оқи алмайды және құрбандығының бір бөлігін үйіне әкете алмайды.

Діни басқарма мал еті түгелдей мұқтаж жандарға таратылатынына кепілдік береді. Сонымен бірге, Бас мүфти осындай қиын-қыстау кезде азаматтарды пендешілікке салынып, пайда табу мен алыпсатарлыққа бармай, мал бағасын қымбаттатпауға, халықтың жағдайын ескеруге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу