"Бизнестің жол картасы-2025". Кәсіпкерлерге арналған бағдарламаға қатер төнді

1458

Жыл басы ел мен ел экономикасы үшін пессимизмге толы. Қаңтар оқиғасында шағын және ортас бизнес миллиардтап шығынға ұшырады. Ресей мен Украинаның арасында әскери конфликт болып жатқанда "бізлің басты сауда серіктесіміз" деп айтылатын Ресейге қарсы екі мыңнан астам санкция салынды, бұл, әлбетте, бізге теріс әсер беріп жатыр. Барлық саланы тоқыратқан пандемияның басталғанына да екі жыл...

"Бизнестің жол картасы-2025". Кәсіпкерлерге арналған бағдарламаға қатер төнді

Finprom.kz сайтының зерттеуіне қарасақ, елдегі кәсіпкерлерді қолдайтын басты құрал – "Бизнестің жол картасы – 2025" атты бағдарламаның діттеген мақсатқа жетпеуі бек мүмкін.

"Былтыр, Kapital.kz мәліметінше, COVІD-19 пандемиясына байланысты "ДАМУ" қорынан қолдау сұрағандар күрт өсті, қаражат жетпегендіктен кәсіпкерлердің өтінімдерін қарау уақытша тоқтатылды. Қазірге геосаяси шиеленіс салдарынан да барлық тауардың бағасы көтерілді, ал теңге құлдырап барады..." - деп жазады finprom.kz.

"Бизнестің жол картасы – 2025" бағдарламасын жүзеге асыру үшін (субсидиялау мен кепілдік шарттарына қол қою) Қазақстандағы ресейлік үш банктің үлесі мол еді. Олардың Ресейдегі басты иелері санкцияға ілікті.

"Бір ғана Сбербанкте қол қойылған субсидиялау жобаларының саны шамамен 12 мыңға таяу болатын. Бұл тек Halyk Bank көрсеткішінен аз болатын. Сбербанкте қол қойылған кепілдендіру шарттары – 8,2 мың, ал Halyk Bank-те – 9,8 мың", - деп жазады зерттеушілер.

2021 жылы бағдарламасы аясында 1,3 трлн теңге сомасына 32 мыңға жуық жобаға қол қойылған. Оның ішінде төленген субсидиялар сомасы – 96,1 млрд теңге.

Ал 2020 жылы 801,9 млрд теңге сомасына 13,5 мың жобаға қол қойылды. 43,9 млрд теңге субсидия төленді.

"Экономикалық сілкіністің барлығы "Бизнестің жол картасы — 2025" бағдарламасы жұмыс істеген кезеңге тұспа-тұс келді. Оны жүзеге асыру мерзімі — 2020 жылдан бастап 2024 жылдың соңына дейін еді. Бағдарлама "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы іске асырылады. Басты мақсаттың бірі – шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесін кемінде 33,8%-ға жеткізу. Алайда қазіргі уақытта бәрінен де көп зардап шеккені – осы шағын және орта бизнес", - деп мәлімдейді зерттеушілер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу