БҚО-дағы кемемен кісі басқан балаға қатысты заң бабы өзгерді

759

Қазір Артем Крылов қолхатпен бостандыққа шыққан.  

БҚО-дағы кемемен кісі басқан балаға қатысты заң бабы өзгерді

БҚО-да 6 маусым күні катермен әйел адамды басып өлтірген 17 жасар Артем Крылов ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен бостандыққа шықты. Оның үстінен қозғалған қылмыстық іс "кісі өлтіру" емес, байқаусызда адам өліміне әкеп соқтырған жағдай ретінде қаралуы мүмкін.

Күдіктінің адвокаты Анастасия Литвиненко түсіндіргендей, Крыловтың қылмысына байланысты заң ҚР ҚР 99 бабынан 104 бапқа өзгергендіктен, яғни бұрынғыдай ауыр емес, орта дәрежедегі қылмыс саналғандықтан оны қамауда ұстауға ешқандай негіз жоқ. Оның үстіне, күдікті кәмелетке толмаған жасөспірім болған жағдайда оны қамауға тиым салынады екен. Соған байланысты, тергеу соты прокурордың ұсынысын қанағаттандырған.

"Тергеу әлі жүріп жатыр, сондықтан, бұдан артық ештеңе айта алмаймын", - деп мәлімдейді Анастасия Литвиненко. Өз кезегінде марқұм Екатерина Ананьеваның туысы Людмила Еркінәлиева баласына барынша көмектесуге тырысқан оның әкесі, облыстық мәслихат депутаты Валерий Крыловтың әрекетіне түсіністікпен қарайтынын айтып, Артемның босап шығуына қарсы еместігін мәлімдеген.

Құралай Қуатова

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу