Boeing 12 мың қызметкерін жұмыстан шығарады

501

Қазіргі штаты 160 мыңның айналасында.

Boeing 12 мың қызметкерін жұмыстан шығарады

АҚШ-тың Boeing әуе компаниясы 737 MAX лайнерін құрастыру жұмыстарына қарамастан, жаппай қысқартулар жүргізіп жатыр. Жақын арада корпорацияның 12 мың қызметкері жұмысынан айырылады. Оның 5520-сы өз еріктерімен келісімді бұзады, бірақ есесіне оларға өтемақы төленеді. Қалғандарына ешқандай қаражат бөлінбейді. 

Ресми дерек бойынша, компания Аустралия, Жаңа Зеландия, Канададағы штатын да азайтпақ. Шамамен 630 орын қысқарады. 

Еске сала кетсек, бұрын әуе компаниясының бас директоры Дэвид Калхун жалпы қызметкерлер санын 10%-ға азайтатынын мәлім еткен еді. Қазіргі таңда корпорацияда 160 мың кісі еңбек етіп жүр. Жуырда компания 2,5 мың қызметкерін жалақысы төленбейтін демалысқа жіберген болатын.

Табиғат Нұрболат

Фото: vesti.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу