"Болашақтағы" былықтардың беті ашылмақ

1003

Қаржыландырылған стипендиаттар саны мен нақты білім алғандар саны әртүрлі болған.

"Болашақтағы" былықтардың беті ашылмақ

Агенттіктің Превенция департаменті Жемқорлық тәуекелдерін талдау басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Айнагүл Каріпова ХБО-дағы қаржылық сыбайлас жемқорлық жайлы айырықша айтып өтті. Оның сөзінше, қаржыландырылған стипендиаттар саны мен нақты білім алғандар саны бірдей емес.

"Білім және ғылым министрлігі мен орталықтың өзі жүргізген аудиторлық тексерулері заң бұзушылықтың көпшілігін анықтады. Бухгалтерлік есептің қателігі, қаражатты білікті басқармау, степендиаттарға төлем мен қызметкерлерге жалақы төлеудің бірыңғай тәсілінің болмауы, өкілдіктердің нәтижелігінің төмендігі мен оларды қаржыландырудың қымбаттығы, сатып алу бойынша заңнамалардың бұзылуы" – деп айтып өтті Айнагүл Каріпова. 

Мәселелер шешімін таппай, ұзаққа созылып кеткен. 

"2016 жылдан бергі ХБО-ның қаржылық есептемелерінде "барлық сыртқы аудиттер деректер анық және дұрыс екеніне дәлел жоқ" делінген. Оған қаржыландырылған стипендиаттар саны мен нақты білім алғандар санының әртүрлі болуы дәлел. Одан басқа айта кетсем, орталықта 1С бухгалтерия мен "е-Болашақ" деген екі түрлі жүйе бар. Әр жылдар бойынша, адам санының айырмашылығы 68-ден 214 адамға дейін жеткен. Бұл оқытуға бөлінген бюджет қаражатының дәлелденбеген 10%-ынан астамы. Бұл фактілер бойынша агенттік тексеру жүргізеді", – деді агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі офицері.

Нұржан Көшкін
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу