Боливияда 6 адам мұнай зауыты жанындағы қақтығыс кезінде қаза тапты

1139

Елдің бұрынғы президенті Эво Моралестің жақтастары мұнай нысанына бақылау орнатуға ұмтылған.  

Боливияда 6 адам мұнай зауыты жанындағы қақтығыс кезінде қаза тапты

Ресми дерек бойынша, 6 адам қаза тауып, 30-дан астам кісі түрлі деңгейде жарақат алды. Ла-Пас қаласында орналасқан "Сенката" деп аталатын мұнай өндіруші зауытының жанындағы қақтығыс Боливияның экс-президенті Эво Моралестің жақтастары мен тәртіп сақшыларының арасында болған. 

Жергілікті басылымның хабарлауынша, Моралестің сыбайластары сейсенбі күні зауытқа бақылау орнатуға тырысқан. Бірақ полицейлер бұған жол бермеді. 
Бұл операцияны елдің қорғаныс министрлігі мен тәртіп сақшылары бірлесе жүзеге асырған.

"Олар жүк көлігімен мұнай толы цистерналарды алып шығып, қақпалар мен дуалдарды жарып жіберді. Бірақ операция барысында әскерилер оларға оқ атпады", – деді министрлік өкілдері. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу