Түркияның Стамбул қаласында өтіп жатқан халықаралық "Босфор" турнирінде Қазақстан ерлер командасынан екі спортшы ширек финалға өтті деп хабарлайды Olympic.kz-ке сілтеме жасап inbusiness.kz.
63 келідегі Болат Ерсұлтан мен 69 келідегі Дархан Дүйсебай 1/4 айналымда жұдырықтасады. Қыздар арасындағы бәсекеде 51 келідегі Ангелина Лукас ширек финалға жолдама алды. Ол 1/8 кезеңде аргентиналық қарсыласын жеңген.
Ал Назыи Ищанова мен Жайна Шекербекова қарсыластарына есе жіберіп, жүлде ауылынан алыс қалды.
Айта кетелік, бұған дейін Назым Қызайбай, Владислава Кухта және Римма Волосенконың жеңіске жеткенін хабарлаған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу