Ел экономикасының іркілуінен реал да құлдырай түсті. Ресми мәлімет бойынша, Бразилиядағы ағымдағы операциялардың тапшылығы өсіп кеткен. Сарапшылар болжаған межеден жоғары деңгейге жетіп, $7,9 млрд болды. Реалдың долларға қатысты бағамы күрт төмендеп кетті.
"Бұл біз күтпеген құбылыс. Ағымдағы операциялар шотының өсуіне импорттың артуы емес, керісінше, экспорттың қысқаруы түрткі болып отыр. Әсіресе елден Аргентинаға тасымалданатын тауар көлемі қысқарды", - дейді DWS Group сарапшысы Луис Рибейро.
Жыл басынан бері реалдың долларға қатысты бағамы 8%-ға әлсіреп, өткен аптада рекордтық ең төменгі деңгейге дейін түсіп кетті.
Кей сарапшылардың пікірінше, биылғы жылдың екінші тоқсанында Бразилия экономикасы рецессияға ұшыраған.
Айта кететін жайт, барлық елдердың экономикасына кері әсер етіп отырған негізгі факторлар – бұл Қытай экономикасы өсімінің кемуі мен Бейжің мен Вашингтон арасындағы сауда текетіресі.
Табиғат Нұрболат