Шикізат құны осы аптада Дональд Трамптың Иранға қарсы санкцияларды жеңілдететінін айтқаннан кейін төмендеп кеткен болатын. Сондай-ақ Сауд Арабиясының жаңа сайланған энергетика министрі бейсенбіде мұнай өндірісін тағы да қысқарту желтоқсан айында жүзеге асырылатынын жариялады.
Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қарашасындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 0,3 пайызға арзандап, баррелі 60,22 доллар болды.
Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қазандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 0,2 пайызға төмендеп, барреліне 54,98 долларды құрады.
Айта кетейік, Трамп Иран президенті Хасан Роуханимен осы айдың соңында кездесу өткізбек. Егер қос тарап мәмілеге келсе, нарықта Иран мұнайының көлемі көбейе түспек. Бірқатар сарапшының пікірінше, алдағы уақытта шикізат нарығы АҚШ пен Иран қарым-қатынасына тәуелді болмақ.