Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірді салу жалғасады

605

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі биыл құрылыс жұмыстарымен жергілікті желінің 59 жобасы қамтылатынын жариялады.  

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірді салу жалғасады Фото: ortcom.kz

Автомобиль жолдары комитетінің хабарлауынша, бірінші кезекте әлеуметтік-экономикалық маңызды жобалар бойынша жұмыстар жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір өткелін салуды жалғастыру, Семей қаласындағы автогуж көпірін реконструкциялау, радиалды жолдарды тесуді аяқтау, деп жазады inbusiness.kz.

Сондай-ақ, Батыс өңірі бойынша жобаларда туындап жатқан түйткілдерді шешу.

Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында күрделі және орташа жөндеуді қаржыландыруға арналған барлық ағымдағы шығыстар 2023-2025 жылдарға арналған жалпы трансферттер ретінде жергілікті бюджет шығыстарының базасына аударылатын болады. Онда 444 млрд теңге мөлшерінде қаражат көзделеді.

Қаржыландырудың бұл тетігі жергілікті атқарушы органдарды жоспарлауды оңтайландыруға, бюджетаралық қатынастардың қысқаруын қамтамасыз етуге және жергілікті атқарушы органдардың дербестігін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Өйткені, жөнделетін жолдардың тізімін жергілікті атқарушы орган айқындайтын болады.

Жол желісінің тозуын қалпына келтіру басымдыққа ие болатыны сөзсіз. Сондай-ақ, елді мекендер арасындағы байланысты жақсарту үшін жергілікті желінің автомобиль жолдарын қатты жабынға ауыстыруға да ерекше назар аударылатын болады.

2025 жылға қарай кемінде 27 мың шақырым жергілікті жолдар бойынша құрылыс пен реконструкциялауды қамтамасыз ету қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу