БҰҰ: әлемдегі босқындар саны рекордтық көрсеткішке жетті

506

2023 жылдың басынан бастап (қыркүйек айының соңына дейін) 114 миллионнан астам адам босқынға айналды. 

БҰҰ: әлемдегі босқындар саны рекордтық көрсеткішке жетті Фото: DW

БҰҰ Босқындар Агенттігінің (БҰҰ БЖКБ) есебінде бұл "халықаралық қауымдастықтың дәрменсіздігін" көрсететін жаңа рекорд делінген, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

БҰҰ мәжбүрлі қоныс аударудың негізгі факторлары Украинадағы, Судандағы, Конго Демократиялық Республикасындағы және Мьянмадағы қақтығыстар, сондай-ақ Сомалидегі құрғақшылық пен су тасқыны мен Ауғанстандағы ұзаққа созылған гуманитарлық дағдарыс деп атады.

"Қазір бүкіл әлемнің назары Газа секторындағы гуманитарлық апатқа аударылған. Бірақ бүкіл әлемде одан басқа да қақтығыстар мен шиеліністер барын, онда жазықсыз адамдардың өмірінің күл-тақаны шығып, ақыры қаншама адамды үйінен кетугу мәжбүрлейтінін естен шығармаған жөн", - делінген БҰҰ-ның босқындар жөніндегі Жоғарғы комиссары Филиппо Грандидің мәлімдемесінде. 

Оның айтуынша, халықаралық қауымдастықтың қақтығыстарды шеше алмауы немесе жаңаларын жол ашуы "халықтың қоныс аударуына және қайғы-қасіретке әкеледі".

Сондай-ақ, есепте мәжбүрлі қоныс аударушылардың жартысынан көбі (57%) ешқашан халықаралық шекарадан өтпегені айтылған. Сонымен қатар, шекарадан өте алғандардың көпшілігі табысы төмен және орташа елдерді қабылдады — олар барлық босқындардың 75% құрады. БҰҰ атап өткендей, алғашқы алты айда дүние жүзінде баспанаға 1,6 миллион өтініш берілген, бұл тарихтағы ең үлкен көрсеткіш. Қазіргі уақытта БҰҰ 36,4 миллион адамды босқындар қатарына енгізген, оның 5,9 миллионы украиналықтар.

БҰҰ мәліметтері бойынша 22 қазанда Украинада соғыс басталғалы оның 25,6 миллионнан астам тұрғыны шекара асқан. Босқындардың көпшілігі Польшада, Румынияда, Германияда, Ресейде және Венгрияға қоныс аударған. 18 миллионнан астам адам қайтып келді.

Қыркүйек айының басында Украинаның мемлекеттік емес экономикалық стратегия орталығы зерттеу нәтижелерін ұсынды, онда маусым айының соңында шетелде 5,6−6,7 миллион украиналық жүргені көрсетілген. Олардың 63%-ы (яғни 3,5 млн-нан 4,2 млн-ға дейін) оралуды жоспарлап отыр. Орталықтың есептеулері бойынша 1,3 млн-нан 3,3 млн-ға дейін босқын шетелде қалуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу