БҰҰ Бас хатшысы Грузия билігіне ескерту жасады

479

7 наурызда басталған наразылық акциялары басылар емес, оның барысы бүкіл әлем назарында. 

БҰҰ Бас хатшысы Грузия билігіне ескерту жасады Фото: azattyq-ruhy.kz

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш Грузиядағы жағдайға алаңдаушылық білдіріп, қарсыласу тараптарын шиеленістің күшеюіне әкелетін қадамдардан аулақ болуға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz ұйым Бас хатшысының орынбасары Фархан Хак мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Бас хатшы Грузиядағы жағдайды бақылап отыр. Ол барлық тиісті тараптарды шиеленістің күшеюіне әкелуі мүмкін кез-келген әрекеттен аулақ болуға шақырады. Бас хатшы сөз бостандығы мен бұқаралық ақпарат құралдарының кедергісіз жұмыс істеуінің, сондай-ақ азаматтық қоғам бостандығының маңыздылығын атап көрсетеді; адамдардың бейбіт наразылық білдіру құқығын еске салады", - деді Хак.

Наразылық 7 наурыз күні Тбилисидегі парламент ғимараты маңында "шетелдік агенттер" туралы заң жобасына қарсылықтан басталып, басылар емес.

Әуелде бейбіт митингке жиналған халық түнге қарай Парламент ғимаратының терезелерін сындырып, ішке кіруге талпынған. 

Біраз уақыттан кейін наразылық білдірушілер полиция көлігін аударып, өртеп жіберген. Полиция оларға көз жасаурататын газ бен су шашырататын қару қолдана бастаған.

Бұған дейін Украина президенті Зеленский наразылық білдірушілерді қолдап, үндеу жолдағанын еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу