Сатистика комитетінің дерегі бойынша, 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 320 012 баспана сату келісімшарты жасалған.
"Желтоқсан айында тіркелген тұрғын үй сату мәмілелерінің саны 27 743 болды. Бұл қараша айының көрсеткішінен 6,9% артық. Ал қаңтар-желтоқсан аралығындағы көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 21% артты", – делінген комитеттің ресми сайтында.
Баспана саудасының көшін Алматы қаласы бастап тұр. Мұнда жыл бойы 4991 пәтер, 490 жеке үй сатылған. Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Елордада 116 жеке үй мен 3 255 пәтер саудасы бойынша келісімшарт жасалған. Үштікті орынды 2887 мәліме жасалған Қарағанды қаласы түйіндеді. Баспана саудасы ең баяу жүрген қала – Қызылорда. Мұнда 281 жеке үй, 209 пәтер сатылған.