Былтыр 350 млрд теңге қолма-қол ақшасыз, электронды түрде төленді

584

Былтыр онлайн қызмет арқылы 350 миллиард теңгенің саудасы сатылды. Яғни осынша сома қолма-қол ақшасыз, электронды түрде төленген. 2020 жылғы көрсеткіш одан 67 пайыз аз болған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz сайтына сілтеме беріп.

Былтыр 350 млрд теңге қолма-қол ақшасыз, электронды түрде төленді

Тапсырыс көбіне жарнама бойынша түскен – 30,4 млрд теңге. Бұл сома 2020 жылға қарағанда 6,2 есе жоғары болып тұр.

Одан кейін демалыс, ойын-сауық, мәдениет және спорт саласындағы билеттерді сату – 28,5 млрд теңге. Бір жыл бұрынғысынан өсім – 8,1 есе.

Қызметтердің едәуір көлемі көлік билеттерін сату саласына да (20,1 млрд тг, 2020 жылға қарағанда екі есе аз) және брондау мен орналастыру орындарының қызметтерін төлеуге (15,6 млрд тг, өсім – жылына 46,4%) тиесілі болды.

Тамақ жеткізу бойынша қызметке 3,1 млрд теңге тура келді, бұл 2020 жылға қарағанда 28,5%-ға артық.

Өңірлер арасында интернет арқылы көрсетілетін қызметтерді сатудың елеулі көлемі Алматыда ғана байқалды (277,1 млрд теңге), оның ішінде электрондық төлем жүйелері арқылы төленген қызметтердің үлесіне 68,6%-ы тиесілі болды. 

Нұр-Сұлтанда интернет қызметтер көлемі 50,9 млрд теңгені құрады.

Интернет арқылы көрсетілетін қызметтердің аз көлемі – Қызылорда облысында (4,7 млн теңге), көп көлемі Шымкентте 5,4 млрд теңге. Басқа өңірлердегі көрсеткіш осы екі аралықта екені айтпаса да түсінікті болар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу