Былтыр Ақтөбе облысының ет өндіру кәсіпорындарының қуаты 12,2 мың тоннаға артты

919

Былтыр Ақтөбе облысының ет өндіру кәсіпорындарының қуаты 12,2 мың тоннаға артты

Ақтөбе облысының әкімдігінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен 2016 жылға арналған ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және ветеринарлық қызметін дамыту талқыланды, деп хабарлайды strategy2050.kz.

2016 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының тамақ өнеркәсібінің көлемі 39,4 млрд теңгеге өсіп, сектордың өскенін көрсетті. Кейбір көрсеткіштер рекордтық деңгейге жетті. Күнбағыс майын шығару  есептік кезеңде 48 % өсті. 2015-2016 жылдары "Ақтөбе ет кластері" ЖШС мен "Айбек" ЖШС жаңа нысандарын іске қосудың арқасында өңірдегі ет өндіру кәсіпорындарының қуаты 12,2 мың тоннаға артты. Облыс әкімінің тапсырмасын орындау аясында аудандарда 10 ет өңдеу, 5 сүт өңдеу цехтары ашылды.

Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев өңірдің әлеуеті толық көлемде қолданылмағанын айтты. Атап айтқанда, 2016 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығындағы мәлімет бойынша ірі  сүт өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қуаты 44,2%, ет өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қуаты 71,3%  артты. Осыған ұқсас жағдай дәнді-дақылдар өңдеу зауыттарында байқалды. Жағдайды дұрыстау үшін шикізатты жинау мен оңтайлы логистика жүйесін реттеу көмектеседі.

Осы мақсатта 2016 жылдың желтоқсанында жергілікті бюджет сүт пен етті өңдеу үшін орталықтан жинап, жеткізу үшін техникалардың ауыл шаруашылық кооперативін сатып алуға 500 миллион теңге бөлді. Облыс әкімі аталмыш техниканың тиімді пайдаланылуын үнемі қадағалауды тапсырды.

Елбасы алдымызға өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сырттан келетін тамақтар санын шектеу  тапсырмасын қойды. Өңдеу кәсіпорны жұмысқа толық көлемде тартылуылары тиіс. Бұл үшін өндірістік ауыл шаруашылық кооперативтерін қалыптастыру және қолдау жұмыстарын жалғастырған жөн. Болашақ ірі шаруашылықтардың қолында,-деді Бердібек Сапарбаев.     

Өткен жылы 72 ауыл шаруашылық кооперативі құрылса, олардың 39-ы ет өндіруге мамандандырылған, тағы 13-і сүт өндірумен, 14-і бір уақытта мал және егін шаруашылықтарымен, 4 кооператив дәстүрлі емес ауыл шаруашылық түрімен айналысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу