Былтыр Ұлттық Банк 1,4 млрд долларға валюталық интервенциялар жасады

Республикалық бюджетке Ұлттық қордан трансферттерді қамтамасыз ету үшін 4,3 млрд доллар мөлшерінде валюта сатылды. 

Былтыр Ұлттық Банк 1,4 млрд долларға валюталық интервенциялар жасады Фото: otyrar.kz

Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында Ұлттық Банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"2022 жылы геосаяси жағдайдың шиеленісуі және жаһандық қаржы нарықтарындағы қолайсыз ахуал ұлттық валютаның динамикасына теріс әсер етті. Наурыз айында теңге бағамы 512,17 теңгеге дейін әлсірегеннен кейін мамыр айында 414,79 теңгеге дейін нығайды. Жыл қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1 доллар үшін 462,66 теңгеге дейін 7,1%-ға әлсіреді. 2022 жылы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 
5,1 млрд доллар мөлшеріндегі валюталық түсімді сатуы, республикалық бюджетке Ұлттық қордан трансферттерді қамтамасыз ету үшін 4,3 млрд доллар мөлшерінде валюта сату, Ұлттық Банктің 1,4 млрд доллар мөлшеріндегі валюталық интервенциялары теңгеге қолдау көрсетті", – деді Пірматов.

Теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты болады.

"Икемді бағам белгілеу валюта нарығындағы жұмыстың тиімділігін арттыруға және халықаралық резервтерді сақтауға ықпал етеді", – деп атап өтті Ұлттық банк төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу