Бюджет ақшасына сатып алынатын вакциналарды кәсіби шетелдік зертxаналар тексеретін болады

1213

Бюджет ақшасына сатып алынатын вакциналарды кәсіби шетелдік зертxаналар тексеретін болады

Үкіметтің бүгінгі отырысында отандық ветеринария саласын дамыту мәселесі бойынша баяндама жасаған ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов сібір жарасына қарсы вакцинаға сынақ жүргізгеннен кейін құқық қорғау органдарына тиісті материалдар жіберілді, деп xабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Биыл тамыз айында сібір жарасына вакциналардың сапасын тексеру мақсатында біз тиісті сынамаларды Украина мен Эфиопияның зертxаналарына жіберген едік. Соның нәтижесі қуантарлық емес. Қазан айында тиісті материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді. Қазір кезде сол материалдар бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр", – дейді Қ.Айтуғанов.

Оның айтуынша, бүгінде заң бойынша вакциналар саудасымен айналысатын кәсіпорындардың куәлігін қайтару тетігі қарастырылмаған. Себебі ондай құжаттар мерзімсіз беріледі. Ендігі кезекте заңға өзгеріс енгізіп, вакцинаны өндіретін және сататын компанияларға қатысты талаптар күшейтілетін болады. Алдағы уақытта бюджет ақшасына сатып алынатын вакциналарды кәсіби шетелдік зертxаналар тексереді. Ал аталған тауарларды сатып алу конкурстары жылдың соңында өткізіледі.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу