Бюджеттік әуе компаниясының ұшақтар паркін жаңалауға $3,6 млрд жұмсалмақ

1082

Компания Дубайда өткен авиасалон кезінде аталған маркадағы 30 лайнерге тапсырыс берген. 

Бюджеттік әуе компаниясының ұшақтар паркін жаңалауға $3,6 млрд жұмсалмақ

Air Astana әлемде аса қауіпті саналатын Boeing 737 MAX 8 ұшақтарын сатып алмақ, деп хабарлайды Atameken Business.

­­

Компания Дубайда өткен авиасалон кезінде аталған маркадағы 30 лайнерге тапсырыс берген. Олардың жалпы құны 3 млрд 600 млн доллар болады.  Алайда жаңа әуе кемелері Air Astana-ның емес, оған еншіліс компания Fly Arystan-ның рейстерін орындайтын болады.

Еске салсақ, биылғы жылдың наурызынан бастап Boeing 737 MAX ұшақтарының ұшуына әлем бойынша тыйым салынды. Өйткені осы типтегі екі бірдей лайнер апатқа ұшыраған еді. Бірі Индонезияда, екіншісі Эфиопияда. Салдарынан 346 адам мерт болды. Араға 3 ай салып ұшақты құрастырған компания басшылығы  Boeing 737 MAX жолаушылар ұшағының қауіпсіздік сигналы жүйесінің жұмыс істемегенін мойындады. Бұл кемшіліктер бүгінде түзетілуде.

The Wall Street Journal басылымының жазуынша, ұшуға қойылған шектеу алдағы желтоқсан айында алынуы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу