COVID-19: Амбулаториялық емделу бір жылда 6,3%-ға қымбаттады

782

Егер амбулаториялық қызметтердің қымбаттауының ұзақ мерзімді динамикасын бақыласақ, COVID-19 пандемиясы мен әлемдік дағдарыс сектордағы бағаның өсуіне ықпал етпегенін көруге болады.

COVID-19: Амбулаториялық емделу бір жылда 6,3%-ға қымбаттады

Коронавирус пандемиясы амбулаториялық қызметтер бағасының өсуіне ықпал етпеген, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Амбулаториялық қызметтер бағасы бір жылда 6,3%-ға ғана өскен. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда аз. 

Дәрігер-мамандардың қызметі бір жылда 5%-ға, алғашқы қабылдау 7%-ға артқан.

2021 жылдың қаңтарында амбулаториялық қызметтер 2020 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 6,3%-ға өскен. Өткен жылдың желтоқсанында амбулаториялық қызметтер бағасы 0,6%-ға артқан.

Сонымен қатар амбулаториядағы дәрігер-мамандардың қызметі –4,9%-ға, дәрігердің алғашқы қабылдауы – 7,3%-ға, стоматологиялық қызметтер – 7,4%-ға, медициналық зертханалар қызметі – 3,2%-ға көтерілген.

Қазақстан қалаларындағы дәрігердің алғашқы қабылдауының орташа бағасы бір жылда 14,7%-ға немесе 3,4 мың теңгеге дейін өскен.

Алғашқы қабылдау Атырау (4,9 мың теңге), Алматы (4,7 мың теңге) және Шымкентте (4,3 мың теңге) қымбат, ең арзаны – Түркістанда
(2 мың теңге).

Құрсақ қуысы УДЗ-ның бағасы – 3,9 мың теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,4%-ға артық.

Несеп анализінің бағасы 3,1%-ға немесе бір қызмет үшін 721 теңгеге өскен. Ал қан анализінің бағасы керісінше 1,7%-ға немесе 1,2 мың теңгеге дейін төмендеген.

Қызық фактіге тоқталайық: егер амбулаториялық қызметтердің қымбаттауының ұзақ мерзімді динамикасын бақыласақ, COVID-19 пандемиясы мен әлемдік дағдарыс сектордағы бағаның өсуіне ықпал етпегенін көруге болады.

2020 жылдың қаңтарында қызметтердің жылдық өсімі 6,4% болды:
2019 жылы – 6,8%, 2018 жылы – 8%.

Коронавирус пандемиясына тоқталайық. Our World In Data дерегі бойынша Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырудың алғашқы дерегі 2020  жылдың 13 наурызында тіркелген. Наурызда барлығы 343 адам коронавирус жұқтырған.

Коронавирус инфекциясын жұқтырудың ең көп дерегі 2020 жылдың шілдесінде тіркелді: 68,1 мың жағдай.

2021 жылдың 10 ақпанындағы мәліметке сәйкес елімізде COVID-19 вирусын жұқтырудың 11,7 мың дерегі тіркелген. Пандемия басталғалы бері 3,1 мың адам аурудан қайтыс болған.

2020 жылы коронавирус инфекциясымен күрес іс-шараларына 187,7 миллиард теңге бөлінген. Бұл туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы айтқан.

Желтоқсандағы болжамды сомаларды ескерсек, шығыстар төмендегідей:

• Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметкерлеріне үстемақыны төлеуге – 110,9 миллиард теңге;

• медициналық көмекке және коронавирус инфекциясының таралуын болдырмауға бағытталған қызметтерге – 53,9 миллиард теңге, провизорлық, карантиндік және инфекциялық стационарларға 384 мың адам емдеуге жатқызылды және емделді;

• ПТР-диагностика қызметтеріне – 19,7 миллиард теңге, 1,9 миллионнан аса ПТР-тест тапсырылды;

• мобильді бригадалардың шығуына (выезд) – 3,2 миллиард теңге, 550 мыңға жуық шығу (выезд) жүргізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу