Covid-19: Германияны ереуілдер шарпыды

600

130-дан астам қамауға алынды.

Covid-19: Германияны ереуілдер шарпыды

Германия халқы коронавирус пандемиясына байланысты қабылданған шектеу шараларына наразы. 1 тамызда Берлиннің 20 мыңға жуық тұрғыны қала көшелеріне шығып ереуілдетті. Бас көтергендердің басым бөлігі санитарлық шараларды толықтай сақтамаған. Адамдар маска кимей, әлеуметтік ара-қашықтықты сақтамай шеруге шыққан. 

Бастапқыда бұл ереуілдің өткізілуіне жергілікті билік рұқсат берген. Алайда жұрт белгіленген уақытта тарамай, оның арты полицейлермен арадағы қақтығысқа ұласып кеткен. Ереуілшілердің қарсылығына қарамастан тәртіп сақшылары оларды таратып жіберген. Ресми дерек бойынша, 130-дан астам қамауға алынды. Бірқатар белсендінің үстінен іс қозғалған. Наразылық акцияларын бақылауға 1000-нан астам полицей жұмылдырылған.

"Бұл митинг апат іспеттес. Мұндай шаралар бәрін құртады, адам өміріне қауіп төндіреді. Басқа елдер Германия пандемияны еңсерді деп тамсанып жатыр, ал біздегі қазіргі ахуал осындай", – дейді Берлин сенатының өкілі Савсан Чебли.

Соңғы мәлімет бойынша, Германияда коронавирус жұқтырғандардың саны 210 мыңнан асып, оның 192 мыңы жазылған. Дерттен 9000-нан астам тұрғын көз жұмды. 

Табиғат Нұрболат
Фото: dw.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу