Дактилоскопиялық тіркеуден бас тартқандарға айыппұл қарастырылған

1044

Дактилоскопиялық тіркеуден бас тартқандарға айыппұл қарастырылған

Дактилоскопиялық тіркеуден бас тартқан қазақстандықтарға 2 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламент Мәжілісінде "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" заң жобасын таныстырғаннан кейін тілшілерге ҚР Ішкі істер вице-министрі Рашид Жақыпов мәлім етті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Қазақстандықтар үшін қарастырылып отырған айыппұл екі АЕК-ті құрайды",– деді Жақыпов. Сонымен қатар дактилоскопиялық тіркеуден бас тартқан шетелдіктер Қазақстан аумағынан шеттетіледі.

Вице-министр өз баяндамасында заң жобасының мақсаты дактилоскопиялық және геномдық ақпарат негізінде адамның тұлғасын сәйкестендіруді нақтылаудың құқықтық негіздерін бекітуге бағыталғанын жеткізді. Көрсетілген міндеттерге сәйкес, мемлекеттік дактилоскопиялық және геномдық тіркеудің құқықтық негіздерін, негізгі түсініктерді, ұстанымдарды, ақпаратты жинау мен өңдеуге тиісті талаптарды айқындау ескерілген.

Дактилоскопиялық ақпарат тұрғысында адам қолы саусақтары папиллярлы өрнектерінің құрылысы туралы биометрикалық мәліметтер қамтылады. 1992 жылы Қазақстан құжаттардың биометрикалық параметрлері туралы халықаралық келісімді ратификациялады. Қазіргі кезде тұлғаны куәландыратын 11 құжаттың жетеуінде биометрикалық көрсеткіштерді енгізу қарастырылады. Біздің төлқұжаттар мен жеке куәліктерде электронды чиптер бекітілген, бұлар арқылы биометрикалық мәліметтерді енгізуге болады. Вице-министрдің айтуынша, дактилоскопикалық тіркеу төлқұжат пен жеке куәлікті немесе теңізшінің жеке куәлігін рәсімдеу кезінде іске асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу