"Бірінші карантиннен кейін халық қауіптің сейілмегенін ескермейтіні, ауруханадағы орындардың жетіспеуі, алып-сатарлардың көбеюі, халықтың психологиялық ауыр жағдайға түсуі, дәрі-дәрмектің жетіспей қалуы, жаңа вирустың емдеу хаттамасы ресми түрде өзгеріп тұрғаны емдік шаралардың бірізділікке бірден түспеуі, халық өздігінен ем іздей бастауы денсаулық жүйесіндегі үйлестіру жұмысының мамандарының алдын-ала зерттелетін жұмыстары еді ғой!",– дейді депутат.
Дана Нұржігіттің айтуынша жоспарлау, ұйымдастыру мен бақылау, ынталандыру – бұл төртеуі менеджердің мызғымайтын төрт қағидаты.
"Осының барлығына бүгін Президент тиісті бағасын беріп: "Осы мәселе бойынша біз тергеу жүргіземіз,бұл жағдайдан сабақ аламыз" деді. Қаһарына мінген індетпен күресте дәл қазір керегі үрейге берілмеу! Күресті тоқтатпау! Шілденің басында саны 400 ғана болған әмбебап мобильді әмбебап топтардың саны ай соңында 3,5 мыңға дейін жеткізіледі. ПТР тест тапсыру орталықтары тәулігіне 40 мыңға дейін сараптама жасайтын болады. Дәріханаларға парацетамол, антибиотиктер сынды қажетті медикаменттер жеткізіледі. Дәрігерлер ақпараттық жұмысты күшейтетін болады. Індетпен күреске бөлініп жатқан қаражат үздіксіз, жіті бақылауға алынады",– деген ақпаратты жеткізді депутат.