Дариға Назарбаева Еревандағы балалар онкологиясы орталығында болды

1101

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай 2020 жылы Орталыққа қазақтың ұлы ақынының есімін беру жоспарланып отыр.  

Дариға Назарбаева Еревандағы балалар онкологиясы орталығында болды

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева Армения премьер-министрінің жұбайы Анна Акопянмен бірге Еревандағы Балалар онкологиясы және гематология орталығында болды, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Орталық 2018 жылдың шілде айында "Шаттық қаласы" қорының қолдауымен құрылған болатын. Онкологиялық және гематологиялық аурулармен сырқаттанған балалар мен жастарға көмек көрсететін қордың Қамқорлық кеңесіне Анна Акопян басшылық етеді.

Сенат басшысы балалармен және олардың ата-аналарымен әңгімелесті, орталықтың жабдықтарын көріп, жұмыс жағдайларымен танысты.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының делегациясы сол күні Ереван мемлекеттік университетінің жанындағы Қазақ тілі, мәдениеті және тарихы орталығында болды. Орталық 2010 жылы екі мемлекет арасындағы екі жақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық мәдениетін дәріптеу мақсатында ашылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу