ФГДС зерттеуі бөгде заттың барын көрсетті - асқазанның төменгі жағында шынашақтай кішкене батарейка табылды. Балалар жедел жәрдем бөлімінің дәрігерлері баланың денесінен қауіпті затты шығаруды дереу қолға алуға мәжбүр болды. Батареяны жұтқаннан кейін қабыну процесі бірнеше сағат ішінде басталады, бұл асқазанның немесе өңештің шырышты қабығының күйіп кетуіне, тіпті осы органдардың перфорациясына әкелуі әбден мүмкін.
"Бөтен денені шығару кезінде, ол қайта-қайта өңештің жоғарғы үштен бір бөлігінен, дәл жоғарғы физиологиялық тарылу аймағындаа сырғып кете берді. Содан біз батареяны жоғарғы үштен бір бөлікке жеткізіп, оның артына Фолей катетерін қоюды шештік. Бөтен дене Дормия кәрзеңкесінің (эндоскопиялық процедуралар кезінде қуыстағы тастар мен түрлі бөгде денелерді алып тастауға арналған құрал) көмегімен алынды. Содан кейін Фолей катетері үрленіп, эндоскоптық түтік және бөгде денені ұстап алған Дормия себетімен бірге асқазан мен өңештен сәтті шығарылды", - деді Алматы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының хирург-эндоскопист дәрігері Мұрат Дүйсебаев.
Аталған жағдайда жедел медициналық көмек пен дәрігерлердің тапқырлығының арқасында хирургиялық ота жасаудың қажеті болмады.
Жыл басынан бері Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына асқазан-ішек жолдарында бөтен зат бар 125 бала, тыныс жолдарында бөтен зат бар 32 бала түскен. Көбінесе балалар тиын, батарея, кішкентай ойыншықтарды жұтады. Өкпеде дәрігерлер негізінен жержаңғақ, тұқым, грек жаңғағы, қалам қақпағын табады.
Дәрігерлер ата-аналардан кішкентай балаларға мұқият қарауды, нәресте ойнайтын заттарға назар аударуды сұрайды. Балалар қоршаған дүниенің дәмін татып, түрлі заттарды үнемі аузына салады. Кейбіреулер мұны қызығушылықтан жасайды, басқалары осылайша назар аударуға тырысады.