Дәрігерлерге коронавирусқа байланысты үстемеақы тағайындалмайды

825

29 қазанда Денсаулық сақтау министрлігі "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жұмыс істейтін ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулыға түзетулер енгізіп, жобаны талқылауға ұсынған болатын. Республикалық бюджет комиссиясының 2021 жылғы 26 қазандағы шешімімен медициналық қызметке тартылған мамандарға үстемақы төленбейтін болғандықтан, олардың еңбекақысын арттыру бекітілді. 

Дәрігерлерге коронавирусқа байланысты үстемеақы тағайындалмайды

2021 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау шеңберінде бұл қаражат COVID-19 инфекциясына қарсы күрес бойынша іс-шараларға бөлінбек, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Алдағы төрт жылда қосымша сұраныс 203,0 млрд теңгені құрайды, оның ішінде: 2021 жылға – 15,5 млрд теңге, 2022 жылға – 62,5 млрд теңге, 2023 жылға – 62,5 млрд теңге, 2024 жылға – 62,5 млрд теңге.  

Атап айтқанда, қаулы жобасына сәйкес, COVID-19 инфекциясына және жұқтыру қаупіне қарсы күрес саласындағы эпидемияға қарсы іс-шаралардағы жұмысы үшін қосымша ақы жоғары тәуекел санатындағы дәрігерлер мен медбикелерге тағайындалады. 

Оған жұқпалы аурулар ауруханалары, оның ішінде реанимация бөлімшелері және COVID-19 инфекциясы бар науқастарға медициналық көмек көрсету үшін тағайындалған басқа да стационарлар, індет жұқтырған науқастармен тікелей байланыста болатын клиникалық бөлімше мамандарына нақты жұмыс істеген сағаты үшін 7 еселенген базалық жалақы тағайындалады. 

Орташа тәуекел тобына: зертхана қызметкерлері (сынамаларды іріктеу бөлімшелері), дәрігер, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет маманы, зертханашы, сынама алу маманы, лаборант – COVID-19 инфекциясымен ықтимал ластанған биологиялық материалмен тікелей жұмыс істеген адамдар нақты жұмыс істеген сағатына 5 есе базалық жалақы тағайындалады.  

Төмен тәуекел тобына: фармакологиялық стационарлардың, фармакологиялық бөлімшелердің, оның ішінде реанимация бөлімшелерінің және COVID-19 инфекциясы бар науқастарға медициналық көмек көрсетуге арналған басқа да стационарлардың дәрігерлері, медбикелері, соның ішінде тікелей байланыстағы клиникалық бөлімшелер мен параклиникалық бөлімшелердің қызметкерлері, жұқтырған науқастармен және (немесе) биологиялық материалмен және басқалармен – нақты жұмыс істеген сағаттары үшін 3 еселенген базалық жалақы төленеді.  

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу