Депозиттер нарығы инфляцияға төтеп бере алмай келеді

246

Халық арасында инвестициялардың баламалы көздері, оның ішінде шетел валютасына сұраныс артуда.

Депозиттер нарығы инфляцияға төтеп бере алмай келеді

Биылғы жыл жалғасып жатқан COVID-19 пандемиясымен және оның жаңа толқындарымен ерекшеленуде. Дағдарыс құбылыстары жаһандық экономиканың барлық салаларында сақталуда. Ол бүкіл әлем халқына әсер етеді деп күтілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Пандемияның салдары Қазақстанның және басқа да бірқатар елдердің, соның ішінде дамыған елдердің ұлттық валютасына, сондай-ақ инфляцияның айтарлықтай өсуіне кері әсерін тигізді. Мәселен, 30 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының АҚШ долларына қатысты бағамы 433,74 теңге жетті. Жыл басынан бері теңге 3%-ға құнсызданды. Бірақ егер оны "дағдарысқа дейінгі" кезеңмен салыстыратын болсақ, мысалы, 2020 жылдың басынан, Қазақстанның ұлттық валютасы бірден 13,4%-ға әлсіреді.

Инфляция деңгейі көпжылдық антирекордты көрсетіп, биылғы жылдың қазан айында 8,9%-ды құрады. Бұл 2016 жылдың қазан айынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Инфляцияның үдеуі азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, ақылы қызметтер бағасына ықпал етті.

Мұндай жағдайларда үнемдеу, сондай-ақ оларды көбейту мәселесі өзекті болып табылады. Дәстүрлі түрде депозит ақша мен инвестицияларды сақтау құралы. Бірақ бұл жағдайда депозиттер шартты көмек болып табылады. Мәселен, қазан айында инфляция деңгейі 8,9%-ды құраған кезде банктердегі жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесі небәрі 8,4%-ды құрады. Яғни ұлттық валютаның әлсіреуін айтпағанда, депозиттер инфляциялық процестерден де ақша үнемдей алмайды.

Осы жағдайларда елімізде бағалы қағаздар нарығында бөлшек инвесторлар белсендірек болды.  

Бұған қоса Қазақстандықтар қор биржасына инвестиция құюға қызығушылық танытуда. Ел азаматтары үшін бағалы қағаздар нарығына инвестиция салудың ең тартымды құралы инвестициялық пай қоры (ПИҚ) болып табылады. Бір жыл ішінде еліміздің пайлық инвестициялық қорларының акционерлерінің саны 4 есеге жуық өсіп, 4,6 мың адамға жетті. Статистика азаматтардың осы қаржы құралына қызығушылығының өскенін көрсетеді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу