Депутаттар ҰБТ-ның балама нұсқасын әзірлеуді ұсынды

1191

 Депутаттар ҰБТ-ның балама нұсқасын әзірлеуді ұсынды

Қазақстанда Ұлттық біріңғай тестілеудің балама нұсқасы әзірлеу қажет. Бүгін "Ақ Жол" фракциясының депутаттары осындай ұсыныс айтып, үкімет басшысына сауал жолдады. Себебі, білім гранттарын тағайындауда туындап жатқан даулы мәселелер жас түлектердің шетел асып кетуіне итермелеуде дейді. Бүгінгі күннің өзінде ҰБТ-дан бас тартып шетелге оқуға тапсырған түлектердің саны 40 мыңға жуықтаған. Бұл мектеп бітірген оқушылардың 30% құрайды. Ал аттестаттағы ҰБТ балдарын қажетсінбейтін Ресей, Чехия, Қытай мемлекеттеріндегі жоғарғы оқу орындарының талаптары студенттердің көңілінен шығып, болашақ мамандардың елден жырақ кетуіне себеп болып отыр. Сондықтан, депутаттар білім гранттарын тағайындау тәсілін өзгерту керек дейді.

Азат Перуашев, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:

"Біздің ойымызша жалпы ЕНТ жүйесінің өзі жастарымызға үлкен кедергі болып отыр. Жақсы көрсеткіш көрсеткен біздің талапкерлерімізге біз неліктен осы мамандықта гранттар қалмаса басқа бір ұқсас жақын мамандыққа көшіп, содан грант алуға неге мүмкіндік бермей отырмыз. Біз осындай мүмкіндік беру туралы қазір ұсыныс жасадық. Яғни бір мамандыққа ұпай жетпесе, басқа мамандыққа алсын. Айырмашылық болса, оны кейінірек бір сессия үшінде тапсырсын. Қалай болса да дарынды балаларымызды далада қалдырмауымыз керек".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу