Қаңтарда және ақпанның ортасына дейін әлемдік нарықта бидай бағасы нығайды, алайда Қазақстан нарығындағы жағдай аса жайлы бола қойған жоқ.
Теңге мен рубльдің долларға шаққандағы бағамы күшейіп, осы арқылы халықаралық саудада еліміз астығының эквиваленті ұлғайды. Осыдан соң ұлттық валютамен есептелетін баға төмендеп, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің кірістері азайды. Экспорт та зардап шегіп жатыр. Халықаралық сарапшылар оның көлемін 1 млн тоннаға кеміткен. Ауғанстан мен Орталық Азияға астық жөнелту азайды, ал Иран астық дақылдары импортына салған тыйымды әлі алған жоқ. Ақпандағы астық қалдығы бес жылдан бергі үлкен көрсеткішті көрсетіп отырғанын әрі ол өткен жылғыдан 1,5 млн тоннаға артық екенін ескерсек, астық сату мәселесі күрделеніп отыр, деп жазады "Казах-Зерно".