ДСМ:Қант диабеті мен вирустық гепатитке шалдыққандарға көмек шектелмейді

1120

ДСМ:Қант диабеті мен вирустық гепатитке шалдыққандарға көмек шектелмейді

Қант диабеті және вирустық гепатиттер кезінде медициналық және дәрі-дәрмектік көмек жаңа ТМККК-да шектелмейді, деп хабарлайды ҚР денсаулық сақтау министрлігі.

Денсаулық сақтау министрлігі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (ТМККК) жаңа моделінің жобасы шеңберінде бірқатар созылмалы ауруларды диспансерлік есепке алу тобынан белсенді көшіруді жоспарлап отыр.

Егер қазіргі уақытта Қазақстанда әлеуметтік мәні бар аурулардың (ӘМА) тізбесі аурулардың 13 тобын қамтыса, оңтайландырудан кейін 4 топты ғана қалдыру, қалғандарын динамикалық бақылауға ауыстыру жоспарланып отыр. ӘМА жаңа тізбесінде туберкулезді, АИТВ/ЖИТС-ті, қатерлі ісіктерді, психикалық бұзылуларды және мінез-құлық бұзылуларын, яғни бастапқы медициналық буын деңгейінде басқарылмайтын ауруларды қалдыру ұсынылып отыр.

Осыған байланысты, халықтың 70% өліміне және 77% сырқаттануына, қайтымсыз мүгедектікке алып келетін және барынша демографиялық зиян әкелетін, динамикалық бақылауға жататын негізгі созылмалы аурулардың тізбесі қалыптастырылды. Оларға қаржыландырылуы ТМККК шеңберінде жалғастырылатын созылмалы вирустық гепатиттер және бауырдың циррозы, қант диабеті, жіті миокард инфарктісі, ойықжаралы колиттер, артериялық гипертензия, ревматоидтық артрит, бронх демікпесі, дәнекер тіндердің жүйелі зақымдануы жатады.  

Динамикалық бақылау кезінде диагностикалық қызметтердің қажетті негізгі көлемі, бейінді мамандардың консультациялары сақталатынын атап өту қажет.

Сондай-ақ амбулаториялық деңгейде тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету бойынша қолданыстағы кепілдіктер толық көлемінде қалады (ҚР ДСМ 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығы).

Созылмалы аурудың асқынуы, ауыр барысы кезінде қажетті медициналық көмек мемлекеттің есебінен тегін ұсынылатын болады. 

ТМККК, әдеттегідей, толығымен мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын болады. Одан басқа, мемлекет азаматтардың 10 млн-нан астам жеңілдікті санаты үшін, оның ішінде 6,5 млн-нан астам балалар, 2,2 млн зейнеткер, балаларды тәрбиелеп отырған 740 мынан астам жүкті әйелдер мен көпбалалы аналар үшін, шамамен 400 мың мүгедек үшін мемлекет жарналарды төлейтін болады, оларға медициналық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін болады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу