Кейбір дәрі-дәрмек айналымын бақылауға шағын кәсіпкерлікті тексеру мораторийі кедергі келтіруде – Ажар Ғиният

642

Шағын кәсіпкерлікті тексеру мораторийі рецептпен берілетін дәрілік заттарды мемлекеттік бақылауға айтарлықтай кедергі келтіріп отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжіліс депутататтарының сауалына жазған жауабында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Кейбір дәрі-дәрмек айналымын бақылауға шағын кәсіпкерлікті тексеру мораторийі кедергі келтіруде – Ажар Ғиният

Министрдің жауабына сәйкес, трамадол, тропикамид және зопиклон халықаралық патенттелмеген атауы бар дәрілік заттар рецептімен босатылуға жатады.

Халық қалаулары "кейбір препараттардың айналымы үшін белгілі бір жауапкершілік заңмен көзделмегенін" айтады.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 426-бабында дәрілік заттар рецептісіз босатылуына айыппұл көзделген. Бұл ретте реттелетін салаға мемлекеттік бақылау ҚР Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес жүргізіледі. ҚР КК-нің 141-бабының 3-тармағына сәйкес екінші топқа дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы өздеріне қатысты жоспардан тыс тексерулер, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы және бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізілетін бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) жатады", – деп жазылған ведомство басшысының жауабында.

Ажар Ғиният Президенттің 2019 жылғы Жарлығына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізілгенін атап өтті. Бұдан бөлек ол "реттелетін саладағы субъектілердің көпшілігі шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататындықтан, бұл мемлекеттік бақылауды айтарлықтай әлсірететінін" жазады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу