Дубайдағы ЭКСПО-ға 22 млн доллар шығындаймыз

614

Ұлттық павильон бюджет есебінен салынады.

Дубайдағы ЭКСПО-ға 22 млн доллар шығындаймыз

Интерфакстің хабарлауынша, келесі жылы Дубайда өтетін ЭКСПО көрмесіне ұлттық павлильон салу үшін 22 млн доллар бөлінеді. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты.

"Үкімет бірінші кезекте елімізге келетін инвестицияның көлемін арттыруды көздеп отыр. Тікелей шетелдік инвестицияны биыл 24 млрд долларға арттырсақ, 2025 жылға қарай 34 млрд долларға көбейту қажет. Қазақстанға келетін инвестиция ағынын жыл сайын 10 млрд долларға ұлғайтуды жоспарлап отырмыз . Ол үшін Дубайда өтетін ЭКСПО көрмесіне  қатысу маңызды. Жарты жыл бойы өтетін шараға бүкіл әлемнің инвесторлары келеді", – деп жауап берді Әлихан Смайылов Үкімет отырысынан кейін журналистердің сауалына берген жауабында.

Көрме қалашығында Қазақстанның өз павильоны салынбақ.

"Қазақстан павильонын тұрғызып, қызметін қамтамасыз ету үшін 8,8 млрд теңге, яғни 22 млн доллар қажет. Егер көрме кезінде павильонымызға инвесторлар көптеп келсе, оның шығыны пайда болған жұмыс орындары мен салық түрінде бірнеше еселеп қайтады", – деді министр.

ЭКСПО көрмесі Біріккен Араб Әмірліктерінде 2020 жылдың 20 қазаны мен 2021 жылдың 10 сәуірі аралығында өтеді деп жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу