Танымал әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопес өзінің желідегі парақшасында Бәйтерек алдында билеген астаналық бишілердің видеосын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Америкалық әншінің Instagram парақшасында 248 млн оқырман бар. Джей Лоның танымал хиттеріне Астанадағы би тобы видео түсіріп, оны желіге салған. Бұл видеоны қазірдің өзінде 2,7 млн адам қарап үлгерді.
"Джей Ло, Астана сені күтеді! Dream Way жобасының бишілері", - делінген бейнежазбада.
Кейіннен әнші бұл видеоға репост жасады. Әншінің бұл әрекеті қазақстандықтарды бір қуантты.
Оқырмандар "Джей Лоның сторисін ашып, Бәйтеректі көресің. Құттықтаймын, қыздар!", "Джей Ло Қазақстанды туризм министрлігіне қарағанда көбірек жарнамалайтын сияқты", "Алға, Қазақстан!", "Керемет, жарайсыңдар!" деген пікірлер қалдырды.
Айта кету керек, осыған дейін Дженнифер Лопес Астанаға келетінін жазған болатынбыз. Әлемге танымал әншінің елордадағы концертінен бюджетке 400 млн теңге түсетіні белгілі болды.
Танымал жұлдыздың елордадағы концертіне билет алу мәселесінде қиындықтар туындады. Сайт әкімшілігі мұны техникалық себептермен байланыстырды.